Жетісу өңірі сақтық шараларын күшейтті
«Талдықорған орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағына демалушылардың кіріп-шығуына тыйым салынды. Көршілес Абай облысында болған алапат өрттен кейін аталған мекеме басшылығының осындай шұғыл шешім қабылдауына тура келген. Орманшылар өртпен күрес кезінде қаза тапқан әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Бұл орман шаруашылығының қарауында 185 мың гектардан астам орман алқабы бар. Онда 100 шақты адам еңбек етеді. Қазір олар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Асқар Орынбаев, «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары:
- Бәрімізге оңай емес, өте ауыр жағдай. Семей орманы резерватында орын алған апатта өртпен күресте қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтамыз. Жаңағы пожар сыныбы 5-сынып болып тұр. Өте қауіпті сынып дейді. Соған біз жаңағы күшейтілген жұмыс жасап жатырмыз. Қазір күндіз-түні жігіттер күзетте. Бекеттер қойылған. Орманға келіп кететін адамдарға тыйым салынып жатыр.