Алматылықтар Абай облысына гуманитарлық көмек жинап жатыр
Алып шаһар тұрғындары осындай қиын-қыстау кезде қол қусырып қарап отырмай, гуманитарлық көмек көрсетуді жөн көрді. Қала ортасындағы еріктілер фронт-офисінде қажетті заттар мен өнімдерді қабылдау жұмыстары басталды. Әзірге зардап шеккендерге және құтқару қызметінің жұмысшылары мен жергілікті тұрғындарға азық-түлік пен гигиена құралдары, көрпе-жастық, тыныс алу маскалары секілді ең қажетті заттар келіп жатыр. Игі бастамаға «Қазақстан еріктілер лигасы», «Медицина жастары» секілді волонтерлар ұйымы ұйытқы болып отыр. Қажетті заттарды қабылдау жұмыстары әлі бір апта бойы жалғаспақ. «Егер одан кейін де көмек көрсетем деушілер көп болса жұмысты жалғастыра береміз»,-дейді еріктілер.
Зере Мақсұтхан, ерікті:
- Бұл көмек Абай облысындағы зардап шеккен халыққа арналған. Гигиеналық құралдарды, құрғақ тамақтарды және балаларға арналған гигиеналық құралдарды, онымен бөлек адамдарға тұруға арналған палаткаларды, жатын мешоктарды жинап жатырмыз.