Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жалғасып жатыр
Жалынмен арпалысып жатқан өрт сөндірушілердің қатары тағы 300 маманмен толықты. Қазір оқиға орнында 1800-ге жуық адам, 350 техника және 15 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Оларға бұрын осы салада жұмыс істеген азаматтар да көмектесіп жатыр. Құтқарушылар алтыншы күн қатарынан қызыл жалынмен арпалысуда. Апат басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су шашылған. Тиісінше облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев соңғы күндері өрттің көлемі қысқарғанын айтып отыр. Енді өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы негізінен екі бағытта Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізілмек.
Азамат Әбдікәрімов, ерікті:
-Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 бірлік техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар. Табиғи өртті сөндірудің және жоюдың барлық қатысушыларының күш-жігерінің арқасында тұтастай алғанда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.