Абай облысындағы өрт: қандай сабақ алдық?
Абай облысындағы орман өртінен сабақ алуымыз және жүйелі шаралар қабылдауымыз қажет. Мәжіліс депутаттары осындай пікір білдіріп, жағдайды түзеуге қатысты Үкіметке сауал жолдады. Онда өздерінің ұсыныстарында қоса көрсеткен. Олар өртті жоғары дәлдікпен анықтайтын заманауи технологияларды қолдану аясын кеңейту қажет деп санайды. Тиісті қызметтерді фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар дрондармен жабдықтау туралы да айтылған. Орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда өте маңызды болып отыр. Сондай-ақ құтқарушылар санының аздығы да сынға алынды. «Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамын көбейту мүмкіндігін қарастыру керек», — дейді депутаттар.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Бұл мәселелер кезек күттірмейді, шұғыл шешімдерді қажет етеді. Сондықтан Үкіметке ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, орман шаруашылығы саласындағы және өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді толық қаржыландыру және заңнаманы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңына өзгерістер енгізу мәселесін қайта қарау керек. Бұл жұмысқа депутаттар да қатысуы қажет.