БҚО-да киік санының артуына байланысты шаруалардан шағым көбейді
Сенат депутаттары Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің егістік алқабын таптап кетуіне қатысты шаруалардың назын жеткізді. Болжам бойынша өңірде дала еркелерінің қатары 1,5 млн жуықтады. Ауыл шарушылығы министрлігі мәселені шешудің екі жолын ұсынып отыр. Біріншісі - жайылымдарды сақтандыру. Бұл бойынша жекелеген компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тәуекел жоғары болғандықтан оның құны қымбат болуы мүмкін. Екінші амалы - бүлінген өнімді субсидиялау. Ал жергілікті халықтың бір тобы: «киік санын реттеу керек»,- дейді. Айтуларынша, ақбөкендер популяциясы 500 мыңнан аспауы керек.
Ауланған киіктің еті мен мүйізінен мемлекет біраз табысқа кенеледі әрі фермерлерге келетін залал азаяды. Өзге белсенділер бұған қарсы. Экология және табиғи ресурстар министрлігі болса мәселені халықаралық табиғат жанашырларымен ақылдаса отырып шешпек. Жуырда Германия, Швеция және британдық мамандармен бірге батыс өңірдегі жағдаймен танысып келіпті.
Галидулла Азидуллин, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:
- Мамыр айының аяғында халықаралық сарапшыларды шақырған болатынбыз. Және өзіміздің эксперттерімізді қоса отырып, үлкен жиналыс болған болатын. Енді алдымызда қорытындысын шығарып, өз ұсыныстарын беруі керек. Сол ұсыныстарға сәйкес шешім қабылданатын болады.