Шымкентте кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды
Мұнда іскер азаматтарға 800-ден аса қызмет түрі ұсынылады. Атап айтқанда, серіктестік ашу, рұқсат құжаттарын рәсімдеу, лицензия алу тағысын тағы. Жаңа орталық «бір терезе» қағидаты негізінде жұмыс істейді. Мамандар бизнес жоспарларды құрудан бастап, қаржыландыруға дейін көмек көрсетеді. Айта кетейік, мұндай орталық еліміз бойынша тек Астана қаласында болды. Енді оны барлық өңірден ашу жоспарланып отыр.
Тимур Нақыпбеков, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
- Жобаның негізгі кәсіпкерлер үшін пайдасы – осы бір жерден барлық мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады. Бұған дейін осында келеді, консультациялар алады, содан кейін барып мемлекеттік қызметті толыққанды алу үшін бәрібір де жаңағыдай халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып жүгінетін болатын.