Елде медицина қызметіне қатысты наразылық көбейген
Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі айтты. Шағымдардың 39% астамы қызметкерлердің дөрекі мінез құлықтарына және біліксіздігіне, одан қалды ұзын сонар кезектерге қатысты болып отыр. Сондай-ақ интернеттің сапасы, қоғамдық көлік қызметіне, қоғамдық тамақтану орындарына қатысты да азаматтардың шағымы көбейген.
Министрдің айтуынша, мұндай шағым жыл сайын 20% өседі. Былтырдың өзінде 30 мыңнан астам өтініш қаралып, жартысынан астамы оң шешім тапқан. Тұтынушыларға 786 млн теңге қайтарылған. Тиісніше енді құзырлы министрлік азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін трансформациялауды бастағалы отыр. Алдағы екі жылда қанағаттану деңгейін 80% дейін жеткізу. Үкімет отырысында туризм жайы да қаралды. Бүгінде туристер саны 25% артып, 8,6 млн адамға жеткен. Биыл елге 1,4 млн астам шетелдік саяхатшы келеді деген жоспар бар.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтының енгізу ұсынылады. Ол проблемлаар мен шағымдарды реттеудің негізгі үйлестірушісі болуы тиіс. Қазақстан 29 жылға қарай саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индекс рейтингінде 50 орыннан төмен болмауы тиіс.