Хабар телеарнасы

Жарық құны жоғарылай ма?

Ұшты-ұшты, тариф ұшты! Шілдеден бастап Астанада электр энергиясының бағасы өседі. Бұл туралы қалалық мәслихатқа электр энергиясының тарифін көтеру туралы ұсынысын ала барған Астанаэнергосбыт компаниясы хабарлады. Жоспар бойынша, халық үшін тариф 33%, заңды тұлғалар үшін 138% дейін қымбаттайды деген жоспарлары бар. Компанияның мәліметінше, баға ауадан алынған жоқ. Бұл қаражатқа қызметкерлердің жалақысын көтеріп, қордаланған мәселелерді шешеміз деп уәде беріп отыр. «Жиынға қатысқан қоғам белсенділері мен сарапшылар, бұл баға тым қымбат әрі орынсыз», — деп сынады. Әзірге тариф нақты бекітілген жоқ. 1 шілдеге дейін талқыланады. 

Марат Мұстафин, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі:
-Заңды тұлға мен бюджеттегілерді қоспасаң, халықтың тарифі көбейіп кетеді. Бұл енді олардың көтергісі келіп отырған жоспары. Департамент қарауға тиіс. Қабылданатын нәрсе бар, қабылданбайтын нәрсе бар. Үкіметтің тапсырмасы бойынша, энергетиктердегі монополистердің жалақысын жоғарылату. Бұл мекемеде жаңа тарифтемеде айтты ғой, 145 мың деді. Орташа көрсеткіші 390-400 мыңға жақын екен.