Алимент төлемеген 7 мың борышкерге шетелге шығуға тыйым салынды
Тағы 1 мыңнан астамы әкімшілік, 400-дейі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев баспасөз мәжілісінде мәлімдеді. Ведомтсво басшысының айтуынша, сот орындаушыларында қазір осындай 288 мың іс қаралып жатыр. Бірақ олардың көбі әлі орындалмаған.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет Министрі:
-Алимент өндіру мәселесі – ең күрделі мәселе. Біздің ел бойынша 16 мың 345 осындай санаттағы істер әлі шешілмей жатыр. Проблемалы болып тұр. Әрине алимент төлемеудің мәселесі ол, борышкердің жұмыс істемеуі немесе мүлкінің болмауы.