Ертіс өңірінде полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатыр
Ертіс өңірінде «Полиция қызметінің сервистік моделі» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Облыстағы полиция пункттері соған сай заманауи құралдармен жабдықталды. Басты мақсат — қаланың барлық аудандарын тұрғындар үшін қауіпсіз аймаққа айналдыру. Бұрын әр учаскелік инспектор бірнеше көпқабатты үй үшін жауапты болса, қазір бұл жұмыс моделі өзгерген. Бірнеше тәртіп сақшысы бір мезетте қызмет көрсете алады. Қылмыс болған жерге дереу жету уақыты да айтарлықтай қысқарды. Себебі қоғамдық орындарға бейнебақылау камералары орнатылған. Өткен жылдың 6 айында учаскелік пункттерге халықтан 200-ге жуық шағым түссе, биыл ол 36% азайған.
Арман Қаптаев, қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары:
-Мақсаты, ол қазір істелінген элементтердің ішінде ол әкімшілік сотты оптимизациялау, қысқарту. Бұрынғымен салыстырғанда сотты онлайн түрде өткізе береді.