Келесі жылдан Қазақстанда ҰБТ тапсыру кезінде жаңа ереже енгізілмек
Мектеп түлектерінің тестілеуге өз қаламымен кіруіне тыйым салынуы мүмкін. Бұл талапкерлердің қаламға қағаз жасыратынына байланысты. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері қорытындыланды. Барлығы 162 мың түлек қатысқан. Шекті балды 83% жуығы жинады. Орташа балл — 73. Ең жоғарғы көрсеткіш — 137. Бес талапкер жоғарғы межені бағындырған. Жалпы көрсеткіш өткен жылдағыдан 7 балға өскен. 402 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтпек болып, тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сынақ кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылған. Еске сала кетейін, жоғарғы оқу орындары 13-20 шілде аралығында талапкерлерден өтініш қабылдайды. Шалғай ауылдарда тұратын түлектер конкурсқа онлайн қатыса алады. Биыл түлектер 73 мың грантқа таласады.
Қуаныш Ерғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
-Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған, батыс және жаңа жаңа құрылған облыстарға арналған Атырау облысы 1500, Маңғыстау облысы 1500, Ұлытау облысы 300, Жетісу облысы 300, Абай облысы 500, Шымкент қаласына 400, Түркістан облысы 500 гранттар бөлінді. Бұл гранттар педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдарына бөлінген.