Петропавлда жатақхана құрылысы қашан аяқталады?
Петропавлдағы университет жатақханаларының құрылысы қашан аяқталары белгісіз. Себебі студенттер баспанасы жанындағы жер үйлер сүрілмейінше инженерлік желілер тартылмайды. Ал бұл ішкі әрлеу жұмыстарына тұсау салып отыр. 1200 орынға арналған қос нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінген. Қазір ғимараттың бірнеше қабаты көтерілді. Бірақ су, жарық, жылу, кәріз жүйесі қосылмаған. Онсыз да мерзімі кейінге шегерілген жатақхананың жай-күйімен Мәжіліс депутаттары танысты. Айта кетейік, қала бойынша 2 мың студент пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Себебі жатақханаларда орын тапшы.
Сергей Тимофеев, құрылыс компаниясының директоры:
-Инженерлік желілерге бөлек байқау жарияланды. Бірақ оны ұтып алған компания әлі күнге дейін жұмысқа кіріскен жоқ. Жатақхана артында 3 жер үй сүрілмей тұр.
Еркебұлан Мәмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Мынау мамандармен қалай оны тездеттіру мәселесін қарастырдық. Біздің солтүстік өңірімізде жаз өте қысқа мезгіл. Оған үлгере алмаймыз. Байқаулар кеш өтеді.