Астанада жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жұмыссыздарға жаңа мүмкіндік. Бүгін елордада жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. 70-ке жуық жұмыс беруші үлкен-кіші компаниялар жоғарғы оқу орнын аяқтаған мамандармен тікелей байланыс орнатты. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мамандары тегін қажетті кеңестер береді. Шараны ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, 1500-ге жуық адам жаңа жұмыспен нақты қамтылады. Мұғалімдер мен инженер, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға басымдық берілген. Аталмыш іс-шара еліміздің барлық аймағында өткізіледі.
Нұржан Жетпісбаев, AMANAT партиясының Жастар қанатының төрағасы:
- Біз тек қана жәрмеңке ұйымдастырып қоймай, азаматтарды сол жерге жұмысқа орналасам деген қызығушылық танытқан компаниялармен әрі қарай да тығыз қарым-қатынаста болып, оларды сол жерге жұмысқа орналасты, орналаспады сол жөнінде кері байланысты орнатанын боламыз.