Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 800-ден асты
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны артып келеді. Қазір тізімде 800-ден астам субъект бар. Бұл туралы Астанадағы әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайында айтылды. Екі жыл бұрын ресми атау берілген сала Астана мен Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысында жақсы дамып жатыр. Бүгінгі іс-шара аясында олардың бірқатары өз өнімдерін таныстырды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алатын кәсіпкерлер үшін елімізде арнайы гранттар және салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Жиында соған ие болудың жолдары таныстырылып, алдағы жоспарлар пысықталды. Құрылтай жұмысы ертең де жалғасады.
Гүлмира Пармышева, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының вице-президенті:
- Халқаралық кәсіпкерлер келіп отыр. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан одан бөлек Германиядан, Британиядан келген әріптестеріміз бар. Өздерінің тәжірибелерімен бөлісетін болады. Проблемалар көп, алда үлкен жұмыс бар.