Орманшылар өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі
Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатқа сәйкес Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің өрт сөндіру стансалары қызметкерлеріне арнайы киім сатып алуға 900 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл 50-ге жуық маманды өрт кезінде жарақаттанудан, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ, басқа да механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін тілсіз жауға қарсы жабдықтауға мүмкіндік бермек.