Екібастұзда балаларға арналған шығармашылық орталық салынады
Бұл қала жұртшылығының Мемлекет басшысымен кездесуде айтқан бұйымтайы болатын.
Көпбалалы ана Аяна Смағұлова Президентке қала тұрғындарының тілегін жеткізді. Екібастұздық балалар шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамытуға арналған бір әлеуметтік нысанға зәру болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев қалалықтардың бұйымтайын ести сала, шығармашылық орталықты салуға тапсырма берді.
Нысанның құрылысы демеушілер есебінен қаржыландырылады. Ал оның жүзеге асуын қадағалауды Президент облыс әкімдігіне тапсырды.