Семейде ескі құбырлар жаңартылып жатыр
Жуырда Үкімет резервінен Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге 16 млрд 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Жылу желілері әбден тозып кеткендіктен өткен жылу маусымында 600 жуық техникалық ақау тіркелген еді. 40 жылға жуық жөндеу көрмеген жылу желілерін жаңарту жүргізіліп жатыр. Ұзындығы – 322 шақырым болатын жылу құбырының 68% тозған. Соның 42 шақырымы ауыстырылады. Бұдан бөлек «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын жаңарту жұмыстарының 80% орындалды.
Серік Төленбергенов, «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы:
- Өздеріңіз көріп тұрған бұл жоба Үкіметтің ревервінен бөлінген 16 млрд теңге қаражатқа жүзеге асырылып жатыр. Қырық жылдай жаңартылмаған жылу желілері ауыстырылуда. Енді жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу көзіне қосуға мүмкіндік туады.