Мыңнан астам балаға «Балдәурен» лагеріне тегін жолдама берілді
Қазақмыс компаниясы қызметкерлерінің балаларына лагерьге тегін жолдама берді. Балалар отандық демалыс орны - Балдәуренге барып, қуанышымен бөлісті. Кейбірі робототехника жасауға жаңа мүмкіндік алса, ал енді бірі дәрігердің міндетімен танысты. Жазғы демалыс оларға ұнады ма?
Биыл 1027 балаға республикалық Балдаурен оқу-сауықтыру орталығына тегін жолдама берілді.
Әсел Оспанова, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілі:
- Қазақмыс компаниясы жылда қызметкерлердің балаларына ерекше көңіл бөледі. Ата-аналар балалардың барып-келу жолына, қауіпсіздігіне алаңдамайды. Оның барлығын компания өз бақылауына алған. Көпбалалы ата-анаға, ерекше баласы барлар, күміс және алтын алқамен марапатталғандар, өндірістік жарақат алғандар, I және II топтағы мүгедектердің балаларына жолдама тегін берілді.
Кенші, металлург, басқа да қызметкерлердің балалары Жезқазған, Сәтпеав, Балқаш, Қарағанды, Теміртау өңірлердегі үздік Балдаурен лагерлерінде демалуда.
Сержан Әлібаев , «Балдәурен» республикалық білім беру орталығының бас директоры:
- Мұнда келген балалар жан-жақтан жиналғандықтан қоғамға тез бейімделіп, көпшіл бола бастайды. Спорт, музыка, критикалық ойлау, ораторлық шеберлік, білім, шығармашылықтарын шыңдайды. Балаларға барлық жағдай жасалған. Келесі жылдан бастап қаржылық сауаттылықты үйрете бастаймыз. Қазақмыс компаниясымен 2018 жылдан бастап келісім 10 жолға қойылған.
Басқа қызметкерлер де балаларын «Балдәурен» демалыс орнына жібере алады. Төлемнің 20% сатып алса, қалған шығын компания қаражатынан өтеледі.
Ерасыл Қали, Жезқазған қаласының тұрғыны:
- Менің әкем «Қазақмыста» құю және механикалық зауытта жұмыс жасайды. Мұнда Оқжетпес тауы, Абылай ханның жайлауы және Жұмбақтасқа жаңа достарыммен бардық. Маған бұл лагер қатты ұнады.
Балалардың ата-аналары «Қазақмыс» компаниясы, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының басшылығына үлкен алғысын білдірді.
Авторлары: Алмас Бекқадыр, Диана Қадыр