Қарағандыдағы жаппай улану: тексеріс неге созылды?
Ал Қарағанды облысында уланған балалардың бірінің жағдайы әлі де ауыр. 5 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бір ай өтсе де балалардың улану себебі әлі күнге дейін белгісіз. «Бас прокуратураның тексеру қорытындысы шыққан жоқ»,- дейді Денсаулық сақтау министрі. Ажар Ғинияттың сөзінше, кей зерттеулер 1-2 ай уақыт алады. Тексеру нәтижесі алдағы аптада белгілі болуы мүмкін.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Бас прокуратураның тексеру қорытындысын күтіп отырмыз. Өткен аптада сұратқанымызда 2 апта қалды деген. Демек әлі бір апта күту керек. Балалар қазір аппаратта жатыр. Екі бала өкпені жасанды желдету аппаратынан алынып, неврологиялық бөлімшеге ауыстырылады.