Бүйрек трансплантациясы: жаңа әдіс жолға қойылды
Алматыда кезекті рет қан тобы сәйкес келмейтін донордың бүйрегі науқасқа сәтті ауыстырылды. Трансплантация Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта жасалды. Бұл осындай 600 операция. Дәрігерлердің айтуынша, бүйректі ауыстыру ашық әдіспен жүргізілмейді. Оған лапароскопия тәсілі қолданылады. Сондықтан донор да, науқас та тез сауығып кетеді. Дегенмен күрделі операция. Себебі иммунизацияланбаған адамдардың қан плазмасында басқа қан тобының компоненттеріне антиденелер болады. Ал бір ағзада араласса, үйлеспей ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Бірақ профессор Болатбек Баймаханов бастаған дәрігерлер тобы қажетсіз антиденелерді шығаратын технологияны қолданады. Яғни плазмаферез. Плазма алмасу оған қоса иммундық жүйеге әсер ететін препарат стандартты әдіс саналады.
Болатбек Баймаханов, ҚР ДСМ бас хирург-трансплантологі:
- Мұндай операциядан кейін бірде бір рет лапароскопиямен бастап ашық тәсілге көшкен жоқпыз. Ол дегеніміз операцияның жоғары деңгейде қойылғаны. Ерекшелігі – доноры әкесі. 63 жаста. Бізде 68 жастағы донор да бар. Диализде жүрген науқастар нашарлап бара жатқан соң, мәйіттік донорға кезектің жылжымауына байланысты біз кейбір жағдайларда жасы келген донорларды донор есебінде қабылдаймыз.
Болатбек Баймахановтың айтуынша, пиелонефрит, гипертония, қант диабеті сияқты аурулардың бастапқы кезеңде емделуіне баса мән беру керек. Себебі бұл сырқат түрлерін асқындырудың соңы бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі әбден мүмкін.