Конституциялық Сот әлем елдерімен тәжірибе алмасуды бастады
Аталмыш мекемеде алғашқы халықаралық конференция өтті. Оған 30 тарта мемлекеттің өкілдері шақыртылған. Мақсат – құқық саласындағы сарапшылармен тәжірибе алмасу. Жыл басында жұмысын бастаған жаңа орган адам құқықтарын қорғаудың озық үлгілерін игермек. Конституциялық сотқа өткен 8 айда қазақстандықтардан 4 мыңдай өтініш түсіпті. Олардың басым бөлігі қаржы саласы, еңбек қатынастары, тұрғын үй, сот шешімдерінің орындалуы сияқты мәселелерді қамтиды.
Эльвира Әзімова, Конституциялық Сот төрағасы:
- Конституциялық сот пен адам құқықтары уәкілдері жиналып жатыр осы жақта. Біздің талқылауымыз - Конституцияның үстемдігі. Ол әр мемлекетке, әр қоғамға тек қабылдау емес, орындау керек. Заңды құрметтеу, заңды орындау мемлекеттің тұрақты дамуына үлкен үлес береді.