Оралда су бағасы қымбаттайды
15 қыркүйектен бастап Орал қаласында судың бағасы қымбаттайды. Бұрын тұрғындар тіршілік нәрінің текше метрін 45 теңге 80 тиыннан алып келсе, енді ол 68 теңге 70 тиын болады. Ал кәріз үшін қосымша құн салығын есептегенде әр текше метрге 74 теңге 94 тиын төлейді. Яғни баға 25 теңге 65 тиынға көтеріледі.
Тарифтің өзгеруін мамандар табиғи монополиялар туралы заңға өткен жылдың соңында енгізілген өзгерістермен байланыстырады. Яғни жаңа түзетулерде жалақының өсімі мен стратегиялық маңызды тауар құны қымбаттауы тарифті қайта қарауға негіз болатыны көрсетілген.
Гүлжаз Қазбекова, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
- «Батыс су арнасы» ЖШС ұсынылған тарифтер өтінімдері қайта қарастырылды. Бұл өтінімдер берудің негізгі мақсаты – мекеменің жалақысы. Департамент ұсынған құжаттарды сараптай келе мекеменің орташа айлық жалақысын 101 мың теңгеден 2022 жылдың қорытындысы бойынша статистика мәліметінше, 167 мың теңгеге дейін өсіммен бекітті. Яғни бұл дегенің шығын баптары 59,5% орташа айлық жалақысы өсті.