Қазалыдағы мектеп құрылысы мерзімінде аяқталмай жатыр
Қызылорда облысының Қазалы ауданында салынып жатқан мектептің құрылысы межелі мерзімінде аяқталмады.
250 орындық білім ошағы өткен жылы қолданысқа берілуі керек еді. Осы маңдағы оқушылар Әйтеке би кентіндегі өзге білім ошағына қатынап оқуға мәжбүр. Құрылыстың ұзап кетуіне қажетті материалдардың уақытылы жеткізілмеуі себеп болған. Қазір мектеп құрылысы қайта жанданды, қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Алдағы уақытта Қазалы ауданында тағы екі «Жайлы мектеп» бой көтермек.
Жалғас Сүйеубаев, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары:
- Қазір апаттық мектеп бізде Жаңқожа батыр ауылында. Оған енді осы «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша биыл Жанқожа батыр ауылында мектеп құрылысы басталады. Одан кейін келесі жылы да осы Әйтеке би кентінен жаңа айтып отырмын №149 мектеп лицейде екі ауысым деп. Сол аумақтан тағы «Жайлы мектеп» басталады келесі жылы 600 орындық.