Қарағанды облысында 2 аудан және 1 қала әкімін халық таңдайды
Қарағанды облысының тұрғындары Ақтоғай, Осакаров аудандары мен Приозерск қаласының әкімін өздері сайлайды. Саяси науқан 5 қарашаға белгіленіп отыр. Пилоттық жоба мәслихат сессиясында мақұлданған. Ал 16 қыркүйектен бері кандидаттарды тіркеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін аудан мен қала әкімдерін тек жергілікті мәслихат депутаттары сайлайтын. Қазір өңірде саяси науқанға дайындық жұмыстары басталып кетті.
Сандуғаш Асылбекова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
- Кандидаттарды ұсыну 5 қазанға дейін жалғасады. Осы күні сағат 18:00 кейін кандидаттарды ұсыну тоқтатылады. Ал кандидаттарды тіркеу 10 қазанға дейін созылады. Сайлауалды үгіт жұмыстарын 10 қазан кешкі сағат 18-01-де басталып, 4 қараша түнгі 00-00-де тоқтатылады.