Қызылорда облысында ұн бағасы 30-35% қымбаттады
Қызылорда облысында соңғы он күн шамасында ұн бағасы 30-35% қымбаттағаны байқалады. Мәселен, 1-ші және жоғарғы сұрыпты ұнның әр қабының құны 3-4 мың теңгеге дейін өскен. Бұған дейін ұнның келісі 170 теңгеден саудаланса, қазір 230-260 теңге аралығында сатылып жатыр. Дегенмен мамандар: «Бірінші сортты бидай ұнынан тапшылық жоқ», — дейді. Облыстың тұрақтандыру қорында 3 мың тоннадан аса ұн бар. Бұл жыл соңына дейін жетеді. Келісімге сәйкес, бағасы өзгермейді. «Өнім құнын қолдан өсіріп отырған — алып-сатарлар», — дейді мамандар.
Ерхан Ағыбаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
-Осы ұн көлемдерінің арқасында наубайханалар ұнмен қамтамасыз етіліп, осы тұрғанда арзан нан өндіріп жатыр. Негізі келісім бойынша 128 мың теңгеден келісілген. Қазір осы баға бойынша ұнымызды алып жатырмыз.