Ғалымдар жусанның бір түрі артемизия мен адыраспанның тамырын зерттеуге кірісті
Қазақтың дархан даласында өсетін 2 мыңнан астам шөптің дәрілік қасиеті анықталғанымен, басым көпшілігі шетелге кетіп жатыр. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Қарлығаш Қожамұраттың айтуынша, сол шөптерден дәрі-дәрмек жасауға отандық өндіріс орындары қауқарсыз. Мәселен, бізде өсетін сұңғыла гүлінің тамыры мен қызыл миямызды Қытай және Тибет медицинасы арнайы сұрап алдырады. Енді қазақстандық ғалымдар да жусанның бір түрі артемизия мен адыраспанның тамырын зерттеуге кіріскен.
Тұрсын Тоқайұлы, Nazarbayev университетінің профессоры:
-Мәселен, қазақта, басқа жерде көп көріне бермейтін шөптердің бірі — адыраспан. Бірақ адыраспан турасында ешқандай зерттелген жоқ. Оны дәрі ретінде қолданып жүргендер бар. Көбінесе олар жасырын. Қазір көп адамдар шөптің сабағына ғана, гүліне ғана көңіл бөледі. Бірақ шөптің ең құнарлы жері — тамыры. Құнарын, оның ұнтақтарының экстрактраның жүйе ауруларына болған емін анықтаймыз.