Хабар телеарнасы

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының отырысы өтеді

11 қазанда елордада әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің 19-шы хатшылығы өтеді. Бұл шарада Съездің алдағы 10 жылдық даму тұжырымдамасы қабылданбақ. Оған 24 елден делегат қатысады. Сөйтіп бұл құжат күллі жаһан елдеріне жария болады. Айта кету керек, Түркия, Үндістан, Пәкістан мен Израиль мемлекеттері өткен Съезде көтерілген тақырыптарға іс-шаралар ұйымдастырып, идеяларды дәріптеп келеді. «Бұл елімізде өткізілген шараның маңызын айқындай түссе керек»,— дейді сарапшылар. 

Салтанат Әлімқұлова, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталықтың бас сарапшысы:
-Еліміз осы Еуразия құрлығында бір сондай бір географиялық кіндік деңгейінде орналасқаннан кейін құрлықта, әрине, біздің өткізіп жатқан іс-шарамыз маңызды. Бүкіл құрлық үшін деп те айтуға болады. Жаңа айтып кеттім, тек қана діни бірлестіктер емес, саяси қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары жиналғандықтан бұл сөз күйінде ғана қалмай, әрі қарай шешімін тауып, саяси күштерге, неше түрлі қауымдастықтарға әсер ететін бірден бір алаңға айналып отыр бүгінгі таңда.