Қонаевта ғасыр жасаған соғыс ардагері тұрады
Қонаев қаласында екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Оксана Бетебаева тұрады.
Әскерилер 103 жасқа толған кейуананы үйіне құттықтап барды. Жылдағы дәстүрге сай жылы тілектерін айтып, сыйлық табыстап, құрмет көрсетті. Оксана Бетебаева 1920 жылы Украинада туған. 21 жасында майданға аттанып, Шуя қаласындағы әскери госпитальде медбике болды. Соғыстан кейін қазақ азаматына күйеуге шығып, 1958 жылы Жаркентке көшіп келген. Кейін жұмыс бабымен Қапшағайға ауысады. Ардагер Оксана Бетебаева зейнеткерлік демалысқа дейін медициналық зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Нұрлыбек Бақытұлы, 32363 әскери бөлімінің бригада командирі:
- Сол жасқа бәріміз жете берейік. Еліміз тыныш болсын. Жұртымыз аман болсын. Аспанымыз ашық, бейбітшілік заман болсын. Осы ҰОС ардагерлері біздің жас буынға тәлім берсін.