Хабар телеарнасы

Талдықорғандық соғыс ардагері 101 жасқа толды

Талдықорғанда тұратын соғыс ардагері Ысқақ Құсайынов 101 жасқа толды.

Қарт майдангер нәубет жылдардағы ашаршылықты бастан өткеріп, Батыс және Шығыс майдандағы сұрапыл соғысты көрген. Мергендігімен танылып, жау ұшағын құлатқан. Елге келген соң әке жолын жалғап, ұстаздық етті. Қария саналы ғұмырының 40 жылдан астамын ұрпақ тәрбиесіне арнады.

Ғасырдан аса ғұмыр кешкен ақсақалды мерейтойымен облыс әкімі мен Қарулы Күштердің ардагерлері құттықтады. Қазақы салтпен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Отыздан аса немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған қария ұрпағы үшін аңыз адам.

Әділхан Қонақбай, соғыс ардагерінің шөпшегі:

- Мен атамды жақсы көремін. Оның медальдары көп. Ол өте мықты, батыр болды. Ол соғыс ардагері болған. Атам мен үшін құрметті адам.