Ақтауда тағамдар фестивалі өтті
Каспий жағалауында әлем елдері және қазақ ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға 300 турист пен қала тұрғыны қатысты. Саябақта 20 аса мейрамхана мен дәмхана аспазы түрлі тағам әзірлеп, төл тәсілімен бөлісті. Ас піскен соң жиналған қауым дәм татып, бағасын берді. Демалушылар саябаққа тегін кіріп, атракциондарда ақысыз көңіл көтерді. Фестиваль аясында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.
Аяулым Қыдырбаева, қала тұрғыны:
- Теңіз жағасында өткен тағамдар фестивалі маған қатты ұнады. Бұрын өзім көрмеген тамақ түрлерімен танысып, дәмін татып қарадым. Аспаздардың шеберлігі сырт көзге бірден байқалады. Сол жерде ірімшік, құрт дайындауды да үйрендім. Алдағы уақытта Ақтауда осындай шаралар жиі өтіп тұрса, өте жақсы.