Хабар телеарнасы

Е-нотариат жүйесінің мүмкіндіктері кеңейеді

Ипотека немесе өзге де нотариалдық қызметтерді рәсімдеуге жұбайының келісімін онлайн түрде алу жайлы бастама қарастырылып жатыр. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты. Ведомство басшысының сөзінше, Е-нотариат жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда. Нотариусқа бармай-ақ, екі факторлы аутентификацияны өтіп, биометриялық мәліметтері сәйкес келсе, рұқсатты онлайн беру мәселесі пысықталуда.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
-Ол заңнамаға қалай сәйкес келетінін оны тексеріп жатырмыз. Болашақта жүзеге асатын бір жоба ретінде қарастырып жатырмыз. Көптеген адамдардың құқықтық сұрақтарына жанасады, мүліктік сұрақтарға жанасады. Сондықтан мұны біз асықпай, 2-3 айда қарастыруымыз мүмкін.