Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды
Ақмола облысында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Кеше аймақта қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласқан. Салдарынан республикалық бағыттағы 3 жол жабылды. Құзырлы орган өкілдері тұрғындарға көктайғақта алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Ержан Қошқарбаев, облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы:
-Біз бірден көлік көп қатынайтын жолдарды жаптық. Ешқандай жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Қазір ондағы көлік қозғалысы қайта жанданды. Осыған дейін облыстық Полиция департаменті аймақтағы жол ұйымдарындағы 200-ден астам арнайы техниканы тексерген болатын. Қазіргі уақытта олардың барлығы дайын.