Оралда 1100 жұп шаңырақ көтерді
Оралда Республика күні қарсаңында отау құрып жатқан жас жұбайларға неке куәлігі салтанатты түрде табыс етілді. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары ерлі-зайыптыларға жалау мен кәдесыйлар үлестірілді. Елімізде 1 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Осы аралықта облыста 1100-ден астам жұп шаңырақ көтерген.
Дарья Щурихина, қала тұрғыны:
-Біз осындай атаулы күні отбасы құрғанымызға өте қуаныштымыз. Неке қию сәті өте ерекше болды. Қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Еліміз өркендей берсін.
Нәдір Құрымбаев, «Азаматтарға арналған Үкімет» МК» АҚ облыстық филиалының директоры:
-Адамның жанұясын құру мәңгі есте қалатын сәт болғандықтан осы мерекеге орайластырылып, бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация осы жұптарды құттықтады. Мемлекеттік осы функцияларды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және екінші деңгейлі банктер арқылы өтініш беруге болады.