КEGOC акциялары – халықтың табысы
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Самұрық-Қазына компанияларының акциялары халыққа қол жетімді болуы қажет, әр қазақстандық акциялардан дивиденд алып, мемлекетпен бірге пайда көруі керек» деген. Қазан-қараша айларында «KEGOC» компаниясы акцияларының бір бөлігін ЭСПИО-ға шығарды. Сауда бастала салып компанияның бағалы қағаздары біршама қымбаттап, әр акциясы 1540-1550 теңгеден сатылды.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы:
- Қарашаның тоғызында акция алған инвесторлармен есеп айырысу жасалды. Нәтижесінде Ұлттық әл ауқат қорының үлесі 90% 85% төмендеді. СПИО-ны өткізу барысында біз инвесторлар тарапынан белсенді қызығушылықты байқадық. Бұл әсіресе жеке инвесторларға қатысты. Жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеге 50 мыңнан аса өтініш берілді.
Жиналған өтінімдер талданып, жалпы сомасы 22,6 млрд теңге болатын өтінімдер қанағаттандырылды. Бұл жарияланған акциялардың шекті санымен сәйкес келеді.
Атап айтқанда жеке тұлғалар 15,2 млрд теңгенің акциясын алды. Бұл - 67%. Заңды тұлғалардың үлесі 32% немесе 7,2 млрд тг. Сондай-ақ шетелдік азаматтар 300,5 млнға акция сатып алған. Бұл - бір пайыздық үлес.
Айта кету керек «KEGOC» компаниясы СПИО қарсаңында дивидент төлеу көлемін таза табыстың 40ғ 60% дейін арттыруға шешім қабылдады. Сарапшылар таяу жылдары «KEGOC» акциясы 1817 теңгеге дейін өседі деп болжап отыр. Ал бұл жолғы СПИО-да 15,3 млн теңгенің акциялары сатылды.
Нәби Айтжанов, KEGOС АҚ басқарма төрағасы:
- СПИО-дан түскен қаражат компанияның дамуына және ең бастысы Қазақстанның энергожүйесі үшін стратегиялық маңызы бар – елдің оңтүстік аймақтарында электр желілерін дамыту жобасын іске асыруға бағытталады.
Жоба шеңберінде ұзындығы 475 шақырым «Шу-Жамбыл-Шымкент» 500 кВ 2 электр жеткізу желісі салынып, үш 500 кВ электр қосалқы станциясы кеңейтілетін болады. Өз кезегінде Астана қаржы орталығы...
Әсел Мұқажанова, AIX басқарма төрағасы:
- Біз өз тарапымыздан халықтың СПИО-лар мен АЙПИО-ларға қатысуын жеңілдету үшін қажетті құралдарды шығардық. Ол табыс қосымшасы және банктермен бірге жасалған онлайн интеграциялар. Соның арқасында қазіргі күні смартфоны мен банк картасы бар әрбір адам акцияларды оп-оңай сатып ала алады.
Жиынға қатысушылар атап өткендей «KEGOC» акцияларына жеке тұлғалар тарапынан қызығушылық жоғары. Және ол Табыс қосымшасы арқылы онлайн өтінім беруде де байқалып, 2 млрд 200 мың теңгеге 11 мыңнан астам өтінім қабылданған.
Авторлары: Берік Дүйсенбай, Айдос Меделбеков