Тарихи құжат – ұрпаққа аманат
Биыл «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылданғанына - 25 жыл. 1998 жылдан бері заңнама архив ісінің дамуына үлкен серпін берді. Нормативтік-құқықтық база қалыптастыру ісі жолға қойылды.
Архивтік құжаттарды сақтау және пайдалану қағидасы қабылданды. Құжаттарды сақтау мерзімі мен оны жою тәртібі, мемлекеттік және оған қоса ведомстволық архивтердің жұмысында бірыңғай қағидаттар мен талаптар белгіленді. Оның негізінде мекемелерде іс жүргізуді және мемлекеттік, ведомстволық архивтердің жұмысын реттейтін 70 астам құжат жасалды.
Рысты Сариева, тарих ғылымдарының кандидаты:
- Ең бірінші жүйені орнына қойды. Қазақстанда қандай құжаттар дайындайды үкіметтік мекемелер. Мемлекеттік емес, шетелдік мекемелердің қатысуымен көп солардың құжаттарын жинастыру, іріктеу, оның сапасын қарау, қажеттілігін дәлелдеу және оларды алып қоймаларға қойып, оларды мерзімімен сақтау. Сақтағаннан кейін қажет азаматтарға беру. Электрондық жүйесін жасадық.