2 мың азамат резервтегі әскери қызметке тартылады
2025 жылдан бастап 2 мың азамат резервтегі әскери қызметке тартылады. Тиісті заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Әскери резервке 60 жасқа дейінгі офицерлер, 18-ден 50 жасқа дейінгі сержанттар мен сарбаздар қатыса алады. Бастысы – денсаулық жағдайы бойынша талапқа сай келуі тиіс. Қызметке қабылдау ерікті түрде жүргізіледі. Келісімшарттары 3 жылға жасақталса да, негізгі жұмыс орны сақталады. Ал резервтегі әскери қызметкерлерді қамтуға бюджеттен бас-аяғы 3,5 млрд теңге бөлінеді. Резервтегілер тек өзі тұратын облыс аумағында қызмет етеді.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Даярлық 1 жылда екі айдан аспайды. Жиын – 30 күн, сабақ ай сайын 2-3 күн болады. Оған қаражат республикалық бюджет есебінен. Осы санаттағы адамдарға бірінші, ай сайын ең төменгі жалақы, екінші, жиын кезінде орташа жалақы төлеу жоспарлануда.