84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылып жатыр
Аймақтарда көктемгі су тасқынын алдын алу шарасы күшейтілген. 2025 жылы 84 елді мекенді су тасқынынан қорғау үшін 56 жоба қолға алынған.
Су ресурстары және ирригация министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, жүйелі жұмыс істеуге кіріскен.
Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 310 шақырым су бөгетінің 40 пайызын салыныпты. Одан бөлек, 1,5 мың гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізген.