Газ 5 теңгеге қымбаттайды
Сұйытылған газдың 1 литрі шамамен 5 теңгеге қымбаттайды.Автомобиль иелерін 2024 жылдың бірінші тоқсанында осындай өзгеріс күтіп тұр. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов айтты. Елімізде айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Оған қоса Орынбор мұнай өңдеу зауытынан қосымша көгілдір отын алынатын болыпты. Осы шаралар ішкі тұтынушылардың сұранысын жабуы тиіс. Дей тұрғанмен Энергетика министрлігі газ бағасын біртіндеп көтеруді көздейді. Жаңа жылда 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі. Одан кейінгі 3 жылдың ішінде әр 6 ай сайын қымбаттап отырады.
Әлібек Жамауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
-Бұл газ зауыттарын жаңғырту үшін қажет шара. Сол арқылы өндіріс көлемін арттырамыз және сұранысты толық жабамыз. Сондай-ақ газ өндіретін кәсіпорындар шығынсыз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.