1 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады
Соңғы 3 айда әртүрлі тұлғалардан 100 ақша аударымы жасалса, ол адам салықтық бақылауға алынып, аударылған ақшалардың төркіні талданады.
Қаржы министрлігінің кірістер комитеті 2024 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға ортақ декларациялаудың үшінші кезеңі басталатынын ескертті. Жыл соңына дейін тиісті құжаттарды әзірлеп, қарыз шарттарын куәландыру және 34 млн 500 мың теңгеден асатын сома болса, банк шоттарына орналастыру қажет болады. Жобаның алғашқы нәтижесі мынадай.
Руслан Жайкеев, Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы:
- Шет мемлекеттердегі банктік қаражаттарда яғни 354 жеке тұлғаның банктік шоттары бар. Сонымен қатар 496 жеке тұлға 26 мемлекетте 600 астам жылжымайтын мүліктері тіркелген. Тәркіленген жоқ, тіркелген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ертең бізден сұрау салған жағдайда біз бере аламыз. Ал жалпы жария түрінде біз салық құпиялығына байланысты жарияланбайды, жеке тұлғаның қанша мүлкі бар, қаншама ақшасы бар деген сияқты.