Екібастұзда салық төлеуден жалтарғандар анықталды
Екібастұздың 2-ші мемлекеттік аймақтық электр станциясы бюджетке 640 миллион теңгенің салығын төлемеген. Қаржылық заң бұзушылықты прокурорлар анықтады. Электр станциясы бұл қаржыны корпоративтік табыс салығы үшін төлеуі керек болған. Қадағалау актісі бойынша жаза қабылданды. Бүгінде кәсіпорынды прокурорлар тексеріп жатыр. Екібастұздың энергетикалық кешенінде бұған дейін де ірі қаржылық алаяқтық әшкереленді. Бір ай бұрын аталған электр станциясының басшылығы бір миллиард теңгені шығындағаны анықталды. Ал жуырда Екібастұздың Шенеуніктері дауға ілікті. Олар 3-ші электр станциясының құрылысына 126 миллион теңге тұратын жер телімін 1 миллиард теңгеге сатпақ болған.