Газ жарылысы: істі полиция тексереді
Алматы облысының Гүлдала ауылындағы табиғи газ жарылысы құбырдағы газ қысымының өзгеруінен болды. Бұл жөнінде облыстық Төтенше жағдай департаменті мәлімдеді. Еске салсақ, кеше жарылыс болып, елді мекендегі екі үйдің 4 тұрғыны зардап шекті. Қазір олар Алматы қалалық №4 емханасында және Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Бұл оқиғаға қатысты істі полиция департаменті тексереді.