Енді қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынуы мүмкін
Қазақстан Еуропа қайта құру банкінен су саласына 3 млрд теңге қарыз алып, оны дұрыс игермей отыр. Мәжілісте жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова осылай деп, су ресурстары саласындағы заңсыздықтарды жариялады.
Айтуынша, «Қазсушар» мекемесі мен су ресурстары комитетінің 68 млрд теңге бюджет қаражаты мен 693 млрд теңге активтеріне тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде соның 56 млрд тиімсіз пайдаланғаны, 3 млрд 300 млн теңге бойынша заңбұзушылықтар жасалғаны, ал 2,5 млрд теңгесі ысырап болғаны анықталды.
Қазақстан әлемдік су тұтыну көрсеткіші бойынша рейтингте 11 орында. «Бұл тарифтердің төмендігімен, әрі тұтынушылардың суды үнемдеуге ынтасы болмауына байланысты»,- дейді жауаптылар. Сондықтан алдағы 5 жылдық тарифтер бекітіледі. Құны 30% қымбаттайды.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Тарифтің көбеюімен байланысты біз осы салада орташа жалақыны 25% көтереміз деп отырмыз. Сонымен қатар 101 млрд теңге инвестиция сол салаға тартамыз.
Ал несиесін кешіктіріп төлегендерге енді қайтып несие берілмеуі мүмкін. Осындай түзетулерді қарастыратын жаңа заң жобасы Мәжіліске келіп түсті. Депутаттар: «бұл құжат арқылы қарыз алушылардың құқықтарын қорғаймыз», - дейді.
Атап айтсақ, баласы бар борышкерлердің жылыту маусымында жалғыз баспанасын тартып алуға тыйым салынуы мүмкін. 90 күн өткеннен кейін барлық кредиттер бойынша сыйақы есептемеу ұсынылды. Ал Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар несиеден уақытша босатылуы мүмкін.
Татьяна Савельева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Көп бастама қолдау тапты. Дегенмен депутаттар келіспейтін тұстар бар. Мәселен, коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша әлі де қарауымыз керек. Жұмыс топтары жүргізіліп, әрі қарай да талқылайтын боламыз.