900 мың адам жұмыспен қамтылды
Еңбек күші тапшы өңірлерге солтүстік аймақтардан көші-қон тұжырымдамасы негізінде жұмысшылар жолданды. Баспананың жарнасын төлеу үшін олардың әрқайсына 4 млн теңгеге дейін төлем берілген. Әлеуметтік Кодекстің қабылдануына байланысты отбасылардың цифрлық картасы әзірленді. Сол арқылы мемлекеттік қолдау шараларын жүргізу үрдісі жеңілдей түсті.
Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Зиянды жұмыста еңбек ететіндерге әлеуметтік төлем төлеу мәселесі, біз мұны да қолдадық. Барлық министрліктер өздеріне қарасты кәсіпорындар мен ұйымдардың жалақылары өсті. Мәселен, көп айтамыз орманшылар, орман қорғаушылар деп. Олардың жалақысы 100% көбейді.