Енді әйеліне қол көтергендер жазасыз қалмайды
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жауапкершілік күшейді. Ішкі істер министрлігі осы мәселелермен күресу үшін мамандандырылған арнайы бөлімше құрды. Соңғы 6 айда тұрмыстық жанжал туралы 50 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 64% әкімшілік іс қозғалды. Қамауға алынғандардың саны 2 есе өсіп, 13 мыңға жеткен. Сотта 27 мыңнан астам отбасы татуласты. Дегенмен судьяның алдына барғандар зардап шегушімен бір-ақ рет татуласу құқына ие. Айтылған мәселелерге қатысты кеңес немесе қолдау қажет болса «111» және «150» жедел желісіне кез келген уақытта хабарласуға болады.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
-Өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. Учаскелік инспекторлар 150 мың отбасын аралады, мемлекеттің көмегіне мұқтаж 500-ден астам отбасы анықталды. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа «агрессорды» тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Сонымен қатар оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекеттерін уақытша қарастыру ұсынылады.