Арыстан абдандарына қандай ат қояр едіңіз?
Осыдан 2,5 ай бұрын Шымкенттегі хайуанаттар бағында «Симба» мен «Тану» жұбынан үш бірдей күшік туған еді. Қазір үшеуінің де денсаулығы жақсы. 4,5 және 5 келі боп туған төлдердің қазіргі салмағы 10 келіден асады. Зообақ қызметкерлері бұл жолы да лақап ат таңдау құқығын келушілерге тапсырған. «Желі қолданушылары мен қала тұрғындары ұсынған нұсқалардың ішінен ең лайықтысын таңдаймыз»,— дейді мамандар.
Бағдат Әмзебек, хайуанаттар бағының қызметкері:
- Олардың барлығының жағдайы жақсы болып туылды. Аналығы сәйкесінше момын. Ал аталықтары өздерін ұстаған кезде көріп отырғандарыңыздай қарсылық көрсетеді. Бірақ қызметкерлер ұстап, ойнатып бірге қасында. Қазіргі уақытта біз әлеуметтік желіге пост салған болатынбыз. Осы аналық пен аталықтарын атауды ұсынып жатырмыз.