Маңғыстауда ірі қонақүйлердің біріне тексеріс басталды
Бұған күні кеше әлеуметтік желіде тараған бейнежазба себеп болды. Онда қонақүй құбырынан лай судың Қаракөлге ағып жатқанын көруге болады. Қазір аталған дерекке қатысты жан-жақты зерттеу жүріп жатыр. Тазарту қондырғыларының жұмысы да тексеріледі. Экология департаментінің мәліметінше, 10 күнге созылатын тексеру жұмыстары «Кәсіпкерлік» кодексі аясында жүргізіледі.
Мағжан Ғалымов, облыстық Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
-Заңбұзушылықтың мән-жайын анықтауға толықтай қажетті дәлелді құжаттарды, ағынды сулардың көлемі, уақыты, оның көрсеткіштері барлығы анықталатын болады және орналастырылған тазалау қондырғылары, хлорсыздандыру қондырғыларының жұмыстары тексерілетін болады.