Қыстың ортасында Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді
Қыстың ортасында Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді. Фотограф Дмитрий Доценко көктемнің алғашқы гүлінің суреттерін жариялады. «Алматы — ғажайыпқа толы қала. Желтоқсан айында гүлдердің бүр жарып жатқанын түсіріп алғам. Ал қаңтарда гүлдегенін биыл көрдім. Әдетте ақпан айында гүлдейтін»»,— деп фотограф әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Мегаполисте биыл қаңтар айы өте жылы және қарсыз болып тұр. Тауда ғана емес, тіпті ауладағы гүлдер де бүршік жарған. Бәйшешектің бірнеше түрі бар. Алатаудың бөктерінде запырангүл көп өседі. Ал, қала маңындағы бақтар мен аулаларда галантус атты түрі жиі кездеседі. Оны қолдан егеді. Қазір гүлдеп жатқаны осы екеуі. Қаңтардың қытымыр аязын жаймашуақ күндер алмастырғандықтан мамыргүл де жапырақ жая бастады.