БҚО-да жол апатынан 12 адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Соңғы 5 күнде 12 адам күре жолда көз жұмған. 6 қаңтар күні Орал-Атырау жолында екі көліктің бетпе-бет соқтығысуынан 3 адам қаза тапса, кеше Чапаев-Жаңақала жолында 5 жолаушы жан тапсырды. Әрине бұл жерде жолдың қарсы бетіне шыққан жүргізуші кінәлі. Бірақ жолдардың уақытылы тазаланбауын да жоққа шығармаймыз»,— дейді мамандар. Бүгін полиция департаменті жолдарды күтіп-ұстаудағы кемшіліктер бойынша 12 лауазым иесіне хаттама толтырды. Нұсқаманы уақытылы орындамағаны үшін облыстық автожолдар басқармасына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Жанболат Жаншин, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
-Сеппеген ешқандай ингредиенттерді. Жолдың жиектері тазаланбаған. Біз барған кезде кешкі 7-лердің шамасында автогрейдер жаңа тазалап жатыр да. Олар жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін барып, өз жұмыстарын істейді.