Балалар құқығын қалай қорғаймыз?
Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 18 балаға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетілді. Жыл басынан бері осынша жан, ал өткен жылы 204 бала жақындарынан жәбір көрген.
«Олардың тізімі тек Ішкі істер органдарында емес, жергілікті атқарушы билік пен медицина мекемелерінде де болуы керек»,- дейді мәжіліс депутаттары.
Арнайы әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету орталығының жұмысымен танысқан халық қалаулылары балаларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды ұсынып отыр. Ол үшін материалдық-техникалық базаны жаңартып, қаржыландыруды ұлғайтқан жөн.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қаражат мәселесін біз тек заң арқылы шеше аламыз. Енді қазір Мәжіліске қайтып келгеннен кейін осы сұрақтарды міндетті түрде шешуге тырысамыз. Ең алдымен Үкіметтің қорытындысы керек. Яғни Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, қандай да бір норманы қосуға болады немесе енгізуге болады.