Мал ұрлығы: 450 барымташы ұсталды
Былтыр елімізде 8,5 мың бас мал ұрланған. Оның тең жартысы табылып, иелеріне қайтарылыпты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Барымташылар үшін ең қолайлы кезең күз және қыс мезгілі. Тәртіп сақшылары дәл сол кезеңде күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды және арнайы рейдтер өткізеді. Соның нәтижесінде 75 қылмыстық топ ұсталыпты. Күдіктілер саны – 450 адам. Зерттеулерге қарағанда мал ұрлығының 75% еркін жайылымдарда жасалады.
Жандос Батырбеков, ҚР ІІМ басқарма бастығының орынбасары:
- Мәселен, Өскеменде мынандай жағдай болды. Жылқыны ұрлап, басқа жерге жеткізу үшін жеңіл көліктің салонына тиеп алған. Сондай-ақ келесі бір барымташы қылмысын жасыру үшін жылқыны тұрғын үйдің ішіне жасырып қойғаны анықталды. Жалпы статисткаға қарасақ былтыр мал ұрлығы 16% төмендеді.